Кіру

«Мектеп асханасы»

«Мектеп асханасы» туралы атқарылған іс-шара туралы

АҚПАРАТ

Қ.Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп асханасында ИП «Мосейчук» жалға алып, оқушыларды тамақтандырады. Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары облыс әкімінің бұйрығы бойынша қаңтар айынан бастап тегін тамақтанады. Сонымен қатар жаппай оқыту қорынан 87 оқушы тегін тамақтанады. Жалпы ас мәзірі Тереңкөл ауданның «Білім беру бөлімінің» басшысымен бекітілген. Күнделікті тамақтар ас мәзірі бойынша пісіріліп, дайындалады.

Мәзірге сай балалардың тамақтану рационында сүт, бал, жаңа піскен балық, сүзбеше, шырын, жемістер, ет қосылған бірінші және (немесе) екінші тағамдар, салат бар. Асхана және тамақтандыру туралы интернет желісінде (инстаграм @ksosh3#тамақтануТереңкөл2020#дұрыстамақтану) 2020 жылдың 9 қаңтарында ақпарат салынды. Осы күні мектеп әкімшілігі және ата –ана келіп, ас мәзірін қарап кетті. Хаттама жасалынды.

2020 жылдың 10 қаңтар күні Қамқоршылық кеңесінің төрайымы шақыртылды, Бейсембинова А.А. ас мәзірін, тамақтың дайындалуын тексеріп кетті. Ас мәзірі бойынша ескертулер болған жоқ. Тауарларды жеткізушілер тарапынан талаптарды бұзушылар анықталмады.

Әлеуметтік педагог Шаймарданова Б.А.

Қ.Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беру мектебінде 1-4 сынып оқушылары арасында тегін тамақтану туралы

АҚПАРАТ

 

2020 жылдың 9 қаңтарынан бастап облыс әкімінің бұйрығы бойынша 1-4 сынып оқушылар тегін тамақтана бастады. Мектеп бойынша 1-4 сыныпта 161 оқушы оқиды. Оның ішінен 31 оқушы жаппай оқыту қорынан тамақтанады. Ал 130 оқушы облыс бюджетінен тамақтанады.

Білім беру бөлімінің қолымен қойылған ас мәзірі келді. Сол мәзір бойынша асхананы жалға алушы ИП «Мосейчук» оқушыларға тамақтарын пісіріп, дайындайды. Ас мәзірі бойынша барлығы беріледі. Мәзірге сай балалардың тамақтану рационында сүт, бал, жаңа піскен балық, сүзбеше, шырын, жемістер, ет қосылған бірінші және (немесе) екінші тағамдар, салат бар. Күнделікті пісірілетін асты мектеп медбикесі тексеріп отырады. Күнделікті сағат 8- ден 15 минут кеткенде бастауыш сынып мұғалімдері асханаға тапсырыс беріп, 9 – дан 25 кеткенде өздері саппен оқушыларды тамақтануға алып келеді.

Бүгін мектебімізге Қамқоршылық кеңестің төрайымы А.А. Бейсембинова арнайы шақыртылып, оқушылар қалай тамақтанады және асхана қызметкерлерінің жағдайымен танысып, қарап кетті. Ас мәзірі бойынша ескертулер болған жоқ.

10.01.2020 жыл

Әлеуметтік педагог Шаймарданова Б.А.

 

 

дурыс_тамақтану_акпарат

тағамдарды_жеткізуші_туралы_мәлімет

 

акт 1

акт 2

акт 3

меню1

меню2

меню3

меню4

меню5

меню6

меню7

меню8

меню9

меню10

меню11

меню12

 

приказ1

приказ2