Жұлдызынды жарқырат-2019
Аудандық "Жұлдызынды жарқырат" атты шығармашылық байқау өтті. Біздің оқушыларымыз әрбір жанрда өздерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!!!
Бас жүлдені - 8 сынып оқушысы Бимагамбетова Даяна (вокал) Балқадиша әнімен алса, испан әнімен дуэт Дүкенбай Ясмин және Дауленбаева Даяна, хореография бөлімінен Асылназ би тобы бас жүлделерді жеңіп алды.
1 сынып және даярлық сыныптың оқушылары кіші би тобы хореография бөлімі бойынша Көрермендер көзайымы номинациясына ие болды.
Барлықтарыңызды құттықтаймыз!!!
Мельпомена V" театр көрінісінің аудандық байқауы
Біздің мектебіміздің театр ұжымы "Рухани жаңғыру" республикалық бағдарламасының шеңберінде "Мельпомена V" театр көрінісінің аудандық байқауында Гран-при иегерлері атанды. Құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
Ертіс - адалдық алаңы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Ертіс - адалдық алаңы" атты жоба негізінде біздің мектебімізде адалдық дүкені ашылды.
"Ертіс-адалдық алаңы" жоба аясында өткен Жемқорлыққа қарсы эссе сайысының қорытындысы айтылды. Біздің мектебіміздің мәжіліс залында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Умарова Алина І орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
Қ.Бітібаева атындағы олимпиада -2019
Біздің оқушымыз 11 сынып оқушысы Сапан Сәттігүл
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы
республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі
дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!
XX республикалық " Абай және Шәкәрім оқулары" -2019
2019 жылы наурыз айының 15 жұлдызында Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында 5-11 сынып оқушылары арасында XX республикалық " Абай және Шәкәрім оқулары" байқауының облыстық кезеңіне мектебімізден 11-сынып оқушысы Сапан Сәттігүл Эссе жазу бойынша " Ұлылар әлемі" бағытынан қатысып, жүлделі 3 орын иегері атанды. Жетекшісі: Мухаметкалиева Сандуғаш Қуанышқызы.
Құттықтаймыз!