Кіру

«Денсаулық күніне» өткен спорттық іс-шара

2017 жылдың қыркүйектің 9 күні  өткен  «Денсаулық күні» аясында спорт нұсқаушы мен дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Денің сау болсын, Қазақстандық!» ұранымен спорттық іс - шара өткізілді. Іс-шараның өтуіне мектеп ұжымы түгелдей ат салысты. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, 9 сынып қыздарының бастауымен флешмобта жалғасын тапты. Флешмобқа мектептің барлық оқушылары қатысты. Мектеп әкімшілігі «Денсаулық күніне» қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

  404 405403

          

«Денсаулық күні» мектеп мұғалімдері мен оқушылар табиғат аясында ауылымыздың шалғай алаңына барып қайтты. Мектептің бірінші сынып оқушылары үшін мектептің спорт алаңында түрлі спорттық эстафеталар мен ойындар ойнап, таза ауада отырып қайтты. Табиғат аясында 2 – 11 сынып оқушылары ас ішіп, дене шынықтыру мұғалімдері көңілді жарыстар өткізді.

 

Атап айтсақ 1 сыныптар үшін Шамшиева А.М. ұйымдастыруымен спорттық эстафеталар өткізіліп, 1 орынға – 1 «А», 2 орынға – 1 «Ә» сыныптар иеленді. 2 сыныптар үшін Ахметов М.Т. ұйымдастыруымен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар екі командаға бөлініп, 1 орынға – «Барыстар», 2 орынға – «Манчестер Юнайд» иеленді. 3 – 4 сыныптар үшін Багаев А.К. ұйымдастыруымен спорттық эстафеталар өтті. Шарапитов Н.Ж. ұйымдастыруымен 5 – 6 сыныптар үшін арқан тарту өтті. Жакенов С.А. ұйымдастыруымен 7 - 8 сыныптар арасында футбол жарысы өтіп, 1 орынға – 8 сынып, 2 орынға – 7 сынып иеленді. Аділбаев С.А. ұйымдастыруымен 9 – 11 сыныптар үшін футбол жарысы өтіп, 1 орынға – 9 – 11 сыныптарың құрама командасы, 2 орынға – мұғалімдер командасы иеленді. Аталған жарыстар бойынша барлық командалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.