Кіру

Білім күні - 2017

Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беру мектебінде

Білім күніне арналған өткізілген салтанатты жиын 

Жаңа оқу жылына қадам басарда Қазақстан Республикасының Конституция күні аясында Қазақстан Республикасының рәміздері биіктен шарықтауы алғашқы оқу жылының тақырыбына  сай келіп отыр. Қ. Оспанова атындағы №3 ОМ барлығымыз да сағынышпен күткен білім күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді.

         Білім күніне арналған шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Едрешева, педагогика саласының ардагерлері және ата – аналар қатысты. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша оқушы қауым алтын ұя мектебімізге қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге өз есігін ашты. Бірінші сынып оқушыларын білім әлеміне апаратын ұстаздар М.Е. Капезова мен А.О. Садыкова. Қадамдарың құтты болсын, бүлдіршіндер!

         Қ.Н. Едрешева салтанатты түрде бүлдіршіндерді құттықтап, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан  «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстады. Бірінші сынып оқушыларының ата – аналары атынан Г. Каиржанова жылы лебізін білдіріп, мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп оқушылары Дүкенбай Ясмин, қыздар би тобы, «Алау» триосы және 1 сынып оқушылары өздерінің өнерлерімен қонақтарды қуантты.

         Алғашқы қоңырау соғу рәсімі мектебімізден биыл түлеп ұшатын  Қалияшев Қалижан мен Альжанова Алинаға және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге берілді. Білім күніне арналған салтанатты жиын 2017 – 2018 оқу жылының «Мен өз  Отанымның  патриотымын» атты алғашқы сабағымен жалғасты. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!