Кіру

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік

компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылықтың алдын алу мақса­тын­да мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп түнгі рейд жұмыстары жүргізіледі. Мектебімізде нарколо­гиялық бекеттер жұмыс іс­тей­ді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде факультативтер, арнайы курстар, спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  оқушылар тартылады. Ауданның басқа мектептерінің оқушыларымен үнемі кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастырылады. Жаз кезінде,құқық бұзушылықтың алдын алу үшін балалардың жазғы уақытты пайдалы және тиімді  ұйымдастыру  бойынша жазғы – сауықтыру және профильді лагерлер, әртүрлі үйірмелер өз жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, музыкалық, балалар жасөспірімдер спорттық мектептерімен, оқушылар үйімен тығыз байланыс жасаймыз.

Құқық бұзушылықтың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру болып табылады. Бүгінгі күні оқушылар мектептен тыс  қосым­ша біліммен қамтылып отыр.

 «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата – бабаларымыз айтқандай, әр - бір ата - ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, мектеппен тығыз қарым – қатынаста болса жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың төмендеуіне көп септігін тигізеді деген ойдамын.

 

Қ. Оспанова атындағы №3 ОМ

тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары

Баймуханова Д.К.