Кіру

Шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуы

9 қаңтар күні облыс әкімінің бұйрығы бойынша облыстың барлық аймақтарында Шахмат үйірмесі ашылды. Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі үшін бұл күні шекте қалған жоқ. Бүгінгі әлемде орын алған шахмат ойыны жөнінде білмейтін адам кем де кем. Шахмат үйірмесі бастауыш 2-3 сынып оқушылары үшін өз есігін ашты. Үйірменің негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық қабілетін, ой – санасын жетілдіру болып табылады.

328

Аталған іс – шараның қонақтары: білім беру бөлімінің басшысы

 Ж.Билялова, педагогика саласының ардагерлері  М. Шарипов,

Р. Матаева болды. Қонақтар оқушыларға өз жылы лебізін білдіріп, М.Ш. Шарипов оқушыларға шахмат ойынының қыр – сырларын көрсетті. Үйірме жетекшісі информатика пән мұғалімі Ж. Түгелбай тағайындалды.