«Қамқорлық!»

327

Берсең балаға бер демекші», әркез балаға қуаныш сыйлап, олардың балғын шақтарын шуақты өткізуге қол ұшын беру сіз бен біздің басты парызымыз. Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын табуда. Әлеуметтік бағыттағы бұл бастама ағымдағы жылы «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өткізілуде. Айта кетейік, атаулы акция 2017 жылдың 10 қаңтар айынан 10 ақпанға дейін ұйымдастырылады.

Акция аясында әлеуметтік мәртебесі бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар,  жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі.

Ауданымыздағы мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің, шаруашылық және т.б. басшыларын жоғарыда аталған балаларға материалдық жағынан көмек немесе демеушілік қолдау көрсетем деген азаматтардың барлығы акция шеңберінде өз үлестерін қоса алады.

         Айта кету керек, балалардың пайдалануға жарайтын киім – кешектері, ойыншықтары, мектеп құралдары, тәтті сыйлықтар қабылданып, мұқтаж балаларға таратылады.

Жаны жомарт, қайырымы мол азаматтар, біздің балаларымыздың бақытты және жарқын болашағы үшін өз үлестеріңізді қосатыңызға сенеміз!